RU

Атырауда қара "Шкода" жер үйдің бір бөлмесін опырып түсірді

17 қазан күні Атыраудағы Молдағұлова мен Жарбосынов көшелерінің қиылысында автокөлік тұрғын үйдің қабырғасына соғысты.

"Балалар теңертең спорт мектебіне кеткен еді, ал әйеліміз екеуміз шаруамызға байланысты үйден шыққалы жатыр едік. Әйелімнің қонақ бөлмеден шыққаны сол еді, қатты тарсыл естілді. Үйдің қабырғасы қирап, әйнектер сынды, терезе жақтаулары да қисайған. Дәл сол уақытта бөлмеде ешкімнің болмағаны жақсы болды. Алайда, қайда түнейміз, не істейміз, әзірге білмеймін", - дейді Молдағұлова көшесі, №202 үйдің иесі Ғабит Есіркепов.

ЖКО орнына келген жол-патруль қызметінің қызметкерлері комментарий беруден бас тартты. Ал куәгерлердің айтуынша, қара «Шкода» Жарбосынов көшесі бойымен қалалық саябаққа қарай жүріп бара жатқан, ал «Лада Приора» басты Молдағұлова көшесімен келе жатқан. Олар қиылыста соғысып, «Шкода» Молдағұлова көшесінен бір шыққан және тұрғын үйдің қабырғасына соқтығысқан. «Ладаның» жүргізушісін «жедел жәрдем» көлігімен алып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/927652-atyrauda-qara-shkoda-zher-uydinh-bir-bolm.html