Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында мектеп директоры орысша білмеген мұғалімді кешірім сұрауға мәжбүрледі

Опубликовано:

Бір шағыммен бір ауыл бір дүрлікті. Аяқ астынан мектепке аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімі, мәслихат депутаты, билік партиясының өкілдері жинала қалды.

Ауыл мұғалімінің NUR.KZ-ке жариялаған шағымынан кейін Ақтөбедегі Алға ауданына қарасты Қарақұдық мектебінің ұжымы дүрлікті. Үстінен арыз жазамын деп жұлқынған директормен қоса, аудандық әкімдіктегілер де аяқ астынан жиналыс жасап сабылған.

Мұғалімді аудандық әкімдікке шақырғандар: «Ауылды табалауың ұят, осыларды айтып, бізге келмедің бе?» депті. Жиналыс ауылда, мектеп ұжымының ішінде болған. Ауданның барлық беткеұстар қаймағы жиналып, бұрын соңды мектеп тарихында болмаған жиын өткізген.

Ақтөбе облысында орысша білмейтін мұғалімді аудан әкімдігі қысымға алып жатыр

«Сенбі күні сабаққа кедергі келтірмес үшін екі кезектің ортасында сағат 13:00 де жиын өткіздік. Оған ауыл әкімін, аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясынан өкіл келді. Барлық ұжым тыңдалды. «Комиссияға ақша жинаймыз» дегенді басқа ұжым растаған жоқ. Бастауыш класс мұғалімі көптің көзінше кешірім сұрады. Ол сол күні 17 қазаннан бастап жұмысқа алынды», - дейді Алға аудандық білім бөлімінің басшысы Марат Төлеуов.

Орыс тілін білмегендігінен сабақ жоспарын жасай алмай, жұмыстан қуылған ауыл мұғалімін шағымы көптің көзін ашып жатыр. Осыдан кейін мұғалім бірнеше айдан бері іссапар үшін төленбеген ақшасын алды. Заңсыз қуылған жұмысына қайта орналасты.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылындағы орта мектепте ушыққан жағдай осылай шешілді.

Ақтөбе облысында мектеп директоры орысша білмейтін мұғалімге орыс тілінен сабақ бергізген

«Аудандық әкімдікке шақыртқан кезде әкімнің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы маған екі жол ұсынған болатын. Біріншісі, сайт арқылы барлық ұжымнан кешірім сұрайсың. Содан кейін ғана директормен өзіміз кездесіп, жұмысқа алдыртамыз. Болмаса, ертең ауылға аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы барып, мектепте жиналыс ұйымдастырады. Сенің мәселеңе қатысты ұжымды тыңдаймыз деген болатын. Мен болған жайды баяндағаным үшін сайт арқылы кешірім сұрай алмайтынымды айттым. Жұмыстан шығуыма орыс тілін білмегендіктен жоспарды уақытында толтыра алмауым себеп. Оған ұжымның ешқандай қатысы жоқ дедім. Кейін мектепте өткен жиналыста кішілігімді көрсетіп, директордан кешірім сұрадым», - дейді Меруерт Ілиясова.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ұстаз атанған жас маман енді әрі қарай жұмысын жалғастырды. Бұл жолы енді ол өзіне тиесілі пәндерден сабақ береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/927951-aqtobe-oblysynda-mektep-direktory-3/

pixel