RU

Әнші Ерлан Көкеев ұлды болды

Әнші Ерлан Көкеевтің отбасында үлкен қуаныш орын алды. 44 жастағы музыкант пен оның жұбайы Анар Көкееваның тұңғыш ұлдары дүниеге келді деп жазады baistars.kz.

Әншінің үш қызы бар - Айгерім, Рената мен Сәтті. Нәресте 19 қазанға қараған түні дүние есігін ашты. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Айта кетейік, Ерлан Көкеев 1996 жылдан 2000 жылға дейін Қыдырәлі Болмановпен және Медеу Арынбаевпен «АБК» тобының құрамында болды.

Кейін топ тараған соң Ерлан Көкеев өзінің «К7» атты тобын құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/928006-anshi-erlan-kokeev-uldy-boldy.html