RU

Баян Есентаеваның Қазығұрттағы концертінде жарық өшіп қалды (видео)

Бұл күндері Баян Есентаева оңтүстік өңірлерді гастрольдік сапармен аралап, концерт беріп жүр. Десек те, Қазығұрт өңіріне концерт беруге барған қазақстандық жұлдыздар тосын жайтқа тап болған. Концерттің қызып жатқан шағында жарық сөніп қалған, деп жазады NUR.KZ.

 

Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында жарық сөніп қалса да, әншілермен бірге ән салған көрермендердің видеосын жариялады.

Қазығұрттағы концертте Баян Есентаеваның шәкірттері микрофон мен музыкасыз жанды дауыста өнер көрсеткен.

Ерке Есмаханның айтуынша, мұндай концерттің де өзіндік қызығы бар. Кешке жиналған халықтың қуанышында шек жоқ. Баян Есентаеваның "кім ұнады?" деген сұрағына "бәрі-бәрі" деп жауап берген үлкендер де, балалар да мәз-мейрам.

"Жандарым сол, құрмет пен қошеметке зор алғыс", - деп ризашылығын білдіреді жас әнші Ерке Есмахан.

Ал Instagram жазылушыларының бірі Қазығұртта жарықтың сөніп қалуы қалыпты жағдай екенін жазыпты, яғни жергілікті тұрғындар мұндай "тосын сыйға" әбден үйреніп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/928064-bayan-esenatevanynh-qazyghurttaghy-konc.html