RU

Отан алдында борышын өтемей қашып жүргендердің бір де біреуі жазаға тартылмаған

Отан алдында борышын өтемей қашып жүргендердің бір де біреуі жазаға тартылмаған. Тіпті іздеу де жарияланбаған.

Бұл туралы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Амантай Өсербаев мəлім етті.

Биыл күзгі науқанда 12 мыңнан астам азамат Отан алдында борышын өтеуге шақырылған. Ал 22 мен 27 жас аралығында қандай да бір себептермен әскерге бара алмай жүргендер үшін әскери билеттің құны қымбаттауы мүмкін. Қазір ол - 260 мың теңге.

"Жылдың соңына дейін өзгермейді. Келесі жылы баға өзгеруі мүмкін. Өйткені ол ақылы түрдегі дайындыққа қосылатын барлық, мысалы, шығындары көбейіп отырғандықтан, келесі жылы қайтадан қарастырылып, бағасы өзгеруі мүмкін", - дейді Бас штаб ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Амантай Өсербаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/928238-otan-aldynda-boryshyn-otemey-qashyp-zhur.html