RU

Мұсылман елдері Джастин Бибердің альбомына тыйым салды

Әлемге танымал канадалық поп-әнші Джастин Бибердің 2015 жылдың соңына  жоспарлаған жаңа Purpose альбомын Индонезия мен Таяу Шығыс елдерінде таратуға тыйым салынды деп хабарлайды NUR.KZ ummet.kz-ке сілтеме жасап.

Альбом мұқабасындағы кеудесі жартылай жалаңаш әрі крест тағып алған әншінің суреті аталған елдердегі тыңдармандарға ұнамай қалған.

Қоғам тарапынан жаңа альбомның бұл мұқабасы дау тудырғандықтан, Джастин Бибердің командасы қазіргі уақытта арнайы мұсылман елдеріне арналған альбомның альтернативті нұсқасын әзірлеу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/928400-musylman-elderi-dzhastin-biberdinh-al.html