Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық шоу-бизнестегі ажырасып кеткен ең әйгілі жұлдыздар

Опубликовано:

Әртістердің жеке өмірі туралы бүге-шүгесіне дейін білу жанкүйерлерді жалықтырмайтын тақырып. Алайда қазақстандық шоу-бизнес өкілдері отбасылық өмірі жайлы сыр шерткенді ұнатпайды. Әйтсе де, NUR.KZ отандық жұлдыздардың ажырасуының соңы немен аяқталғанын тағы бір еске салып өтпек.

Мәдина Сәдуақасова

2000 жылы жап-жас әрі елге аса таныла қоймаған әнші Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде өнер көрсететін офицер-лейтенантпен танысады. Ал 2006 жылы қос ғашық қазақы дәстүрмен дүркіретіп той өткізеді. Қалыңдықтың ұзату тойы Қызылордада өтіп, келесі күні Түркістанда күйеу жігіт жағы жасаған үйлену тойымен жалғасқан. Ал 2008 жылы жас жұбайлар ресми түрде ажырасып кетті. Қазір Мәдина Сәдуақасова режиссер Олжас Смағұловтың жары атанып отыр. 2014 жылдың 17 маусымында әнші тұңғыш ұлын босанған еді.

Асхат Тарғынов

"Мария Магдалена" хитін орындаушы Асхат Тарғыновтың шаңырағы әншінің шығармашылық мансабынан кейін шайқалды. Тарғыновтың айтуынша, әйелі әртісті жанкүйерлерінен қызғанып, әншінің мұндай өмір салтына шыдамаған көрінеді. Жанжалдың соңы ажырасуға әкеліп, отбасының шырқы бұзылады. Ерлі-зайыпты жандар ортақ қызы үшін бірнеше рет қайта қосылуға тырысса да, бұл әрекеттері сәтсіз шыққан.

Лария Джақамбаева

Күйеуімен айырылысқан соң, Лария Джақамбаева жеке басының қамын жасау үшін итальян тілін меңгеріп, Италияға көшіп кеткен. Онда жас әйел дизайнер мамандығын меңгеріп, кейіннен танымал қазақстандық сәнгерге айналған. Қазір некесінің бұзылғанына қарамастан, Джақамбаева бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста және модельер Батыр есімді ұлын өсіріп жатыр.

Ерке Есмахан

12 қазан күні Ерке Есмаханның экс-күйеуі Асхат Садырбай екінші рет отау құрды. Тележүргізуші мен Еркенің ортақ Мүсілім атты ұлдары бар. Жас әнші бұрынғы күйеуімен ара-қатынасы жайлы пікірін жақында мәлімдеген болатын.

" Асхат та, мен де ажырасуға шешім қабылдадық. Ұлымыз екеуіміз Асхатқа бақыт тілейміз. Бұрынғы жіберген қателігін енді қайталамайды деп үміттенеміз", - деп жазды әнші әлеуметтік парақшасында.

Айгүл Иманбаева

Шығармашылық мансабы бастау алған шақта Айгүл Иманбаева "Тақия мен Мафия" театрының продюсері Сәбит Әбдіхалықовтың жары болатын. Жас жұптың мінездері келіспей, ортақ ұлы Асылжанның туылғанына қарамастан, айырылысып кетті. Уақыт өте келе Сәбит Алтынай Жорабаеваға үйленеді. Жұлдызды әріптестер бір сахнада өзара бәсекеге түседі.  Алғашында бақталастар бір-бірі туралы ұнамсыз пікірлер айтып, бір концертте бірге өнер көрсетуден бас тартып келген. Бірақ бүгінде қос әртіс отбасыларымен араласып, дуэт болып өнер көрсетіп жүр.

Сая Оразғалиева

Актриса Сая Оразғалиева 19 жасында күйеуге шығып, бала босанған. Жас бойжеткеннің таңдауы құқық қорғау органының қызметкеріне түскен болатын. Бірақ 5 жыл бұрын қос ғашық айырылысып кетті. Оразғалиеваның пікірінше, ажырасуға әртістің жеке қағидалары мен бірбеткейлігі себеп болған. Cәтсіз некесінен кейін актрисаның ата-анасы оның көңілін аулау үшін "Shine" тобының іріктеу кезеңіне жібереді.

Линда Нығматулина

Мектеп қабырғасында Линда Ныгматулина "Бублики" тобының солисі Мухтарға ғашық болады. Жас жұбайлар отау құрғанда, қалыңдықтың жасы небәрі 17 жасқа толған, ал күйеужігіт 29-ға келген азамат болатын. 2000 жылы ерлі-зайыптылардың ұлы Әлрами дүниеге келеді. Бірақ, жастардың некесі тек екі жылға созылған. Нығматулинаның айтуынша, шаңырақтың шайқалуына күйеуінің шектен тыс қызғанышы ықпал еткен. Ажырасқан соң, бойжеткен кыз қызметіне көп көңіл бөліп, Мәскеуді бағындыруға аттанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/928620-qazaqstandyq-shou-biznestegi-azhyrasy/

pixel