RU

Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті

Жамбыл облысы Талас ауданында суда жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

"Қаратау қаласынан бес шақырым жерде орналасқан көлге балық аулап отырған кезде осы қаланың 45 жастағы тұрғыны батып кетті", - делінген ведомство хабарламасында.

Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-інен сүңгуірлер тобы жіберілді. Қажетті жабдықтармен жарақталған «УАЗ» автокөлігімен жеті адам келіп жеткен.

4 сағатқа созылған іздестіру барысында ер адам табылып, судан шығарылды, марқұмның денесі Талас ауданы ІІБ полиция қызметкерлеріне табысталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/929238-zhambyl-oblysynda-balyqshy-kolge-batyp.html