Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкинге Назарбаевтың құттықтау хаты табысталды

Опубликовано:

Нью-Йоркте Геннадий Головкинге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты табысталды.

«Мен Қазақстанды сүйемін. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан құттықтау хат алдым», - деп жазды Геннадий Головкин Твиттерде.

Ол сондай-ақ өзімен бірге түскен Нью-Йорктегі Қазақстан Бас консулдығы өкілінің суретін жариялады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің WBA, IBO, IBF және WBC interim нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулы үшін кездесулердегі жеңісі үшін жолдаған.

Мемлекет басшысы Геннадий Головкин оның жеңісіне кәміл сенген барлық қазақстандықтардың сенімін ақтағанын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/929473-golovkingha-nazarbaevtynh-quttyqtau-kh/

pixel