Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліне қайтуға ақша таппаған турист Таиланд банкін тонады

Опубликовано:

Таиландта небәрі 12 секунд ішінде банк тоналды. Полицияның мәліметінше, ойыншық тапанша кезенген жігіт банктің ғимаратына кіріп келіп, ақша талап еткен деп хабарлайды 24.kz.

Қорыққан кассирлер 23 жастағы тонаушыға шамамен 5 мың АҚШ долларына жуық ақшаны ұстата салған. Банктен жүгіріп шығып, қаша жөнелген қылмыскерді полиция сол сәтте құрықтапты.

Артынша оның Таиланд жеріне Австралиядан қыдырып келген турист екендігі анықталды. Бір ай бойы сайран салған жігіт ақыры бар ақшасын тауысып, еліне қайту үшін билетке көк тиын таппай қалыпты, деп хабарлайды ABC News.

Енді қыдырымпаз шетелдікке «ұрлық жасады» деген айып тағылды. Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, Австралия азаматы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/929527-eline-qaytugha-aqsha-tappaghan-turist-ta/

pixel