RU

Қазақстанда дүркіретіп той өткізудің 7 белгісі

Қазақстанда дүркіретіп той өткізу үшін кемінде 15 көліктен тұратын кортеж, 300 қонақ және банкет залына лимузинмен кіру қажет деп санайтындардың саны күн санап артуда.

NUR.KZ порталы Қазақстан тойларындағы дүркіретіп той өткізудің қалыптасқан 7 белгісін ztb.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Ең қымбат көліктерден құралған кортеж

Қара "геленсіз" және "меринсіз" тойлар сирек өтетін болған. Қазақстандық жас жұбайлар ең қымбат ақ, қара көліктерді таңдауға асығады. Тіпті мұндай кортежбен "мақтана өтіп шығуы" үшін көшелерді жауып тастаудан да тайынбайды. Кортеж қатысушылары терезеден жартылай шығып алып, жол тәртібін бұзғанды абырой санайды. Бұл күні бәрін жасауға рұқсат деген көзқараста болады.

2. Достарынан флешмоб

Қазақстанда нағыз достар тойда жас жұбайларға арнап арнайы өнер көрсетуі міндетті деп саналады. Жақсы-жаман ән айтудың немесе мүлдем билей алмаудың да еш маңызы жоқ. Ең бастысы достар барын салып, жас жұбайлардың "абыройын көтеруге" тырысуы керек.

3. Әдемі love-story

Әдемі махаббат оқиғасын бейнебаян етіп түсіріп, ел назарына салу да тойдың айырылмас бір бөлшегіне айналып бара жатқандай. Қалыңдықтың сәнденуі, күйеу жігіттің қымбат сағаттары, көптен күткен кездесу мен әдемі табиғат көріністері мұндай бейнебаянда жиі көрініс табады.

4. Банкет залына лимузинмен кіру

Жас жұбайлардың бақытты екені барлығына байқалуы үшін қазіргі мейрамханалар жаңа қызмет түрін ұсынуда. Олар дастарханға жиналған қонақтардың дәл алдына қымбат көлікпен келіп, жас жұбайлардың салтанатпен шығуына жағдай жасайтын банкет залының арнайы есігін ұсынады.

5. Қымбат жұлдыздар

Той есте қаларлықтай болуы үшін қымбат танымал адамды, мыслаға Канье Уэстті өнер көрсетуге шақырту да маңызды саналады. Ондай тойлардың қонақтары Instagram-да екі апта бойы селфилер салып, мақтануға кіріседі.

6. Қалыңдық үшін көп ақша шығару

Қалыңдықтың құрбысы көп болған сайын күйеу жігіттің қалтасы да көбірек қағылады. Құрбылар қалыңдық үшін көбірек "қалым" алудың түрлі амалдарын ойластырады. Тіпті қалыңдықтың есімін ақшамен жазып шығуды сұраса да, сүйіктісі үшін жігіт одан да тайынбайды.

7. "Кинолық" түсірілімдер

Жас жұбайлар тойдағы фото мен бейнетүсірілімдерге ақша аяуға болмайды деп санайды. Кейбіреулері, тіпті арнайы түсіру крандары мен өздігінен ұшатын аппараттары бар арнайы түсірілім тобын шақыртады. Мұндай бейнетүсірілім үшін кемінде 75000 теңге кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/929540-qazaqstan-toylaryndaghy-myqtylyqtynh-7.html