RU

Қыдырәлі Болманов Алматыда "Қарақат" мектеп-студиясын ашпақ

Әйгілі өнерпаз Қыдырәлі Болманов Алматыда "Қарақат" мектеп-студиясын ашуға бел буды. Бұл жаңалығын Болманов Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады NUR.KZ.

Әртістің жаңа бастамасын Алматы қаласының әкімдігі қолдап, жаңа мектептің құжаттары дайындалып қойған.

"Глиэр"-2-шi музыкалық мектебiнде жиналып, кәсiби мамандармен ақылдасып, Қарақат мектеп-студиясының ашылуына байланысты жоспарларымызды құрып, ой түйiндеп, бiраз қағаздарымызды хаттап, кiшiгiрiм "құрылтай құрдық", әрiптестерiме үлкен рахмет", - деп жазады әнші парақшасында.

Жағымды жаңалыққа қуанған жанкүйерлер Қыдырәлі Болмановқа ақ жол тілеп, мектептің қашан ашылатынын және оған қалай түсуге болатынын сұрап жатыр.

Сондай-ақ, үйірмелердің бағасы қанша болатынын білгісі келетіндердің де саны көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/929601-qydyrali-bolmanov-almatyda-qaraqat-m.html