Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үнді актері Шахрух Хан жиһад туралы көзқарасын білдірді

Опубликовано:

Қалың қауымға үнді хикаяларынан кеңінен танымал, қазақстандық көрермендердің сүйікті актеріне айналған Шахрух Хан ислам туралы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ islam.kz-ке сілтеме жасап.

Әйгілі үнді актері Шахрух хан жұртшылыққа өзінің исламды қалай түсінетінін айтып берді және жиһад туралы пікірімен де бөлісті.

"Дін мен үшін ақиқатты танудың бір құралы. Бала кезімнен Исламның шеңберінде, құранның қағидаларымен тәрбиелендім. Мен Аллаға сенемін және Исламның барлық шарттарын мойындаймын", - дейді үнді актері.

Шахрух хан өмірлік ұстанымы ретінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан хадистерін есте сақтап жүреді.

«Өзіңе қалай қарағанын қаласаң, сен де басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол». Жаратқан Алла Тағалаға сансыз шүкір етем...", - деген хадис жолдары актердің болмысын айқындай түседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы Шахрух Хан әлемнің 500 ықпалды мұсылман тұлғаларының қатарына енген болатын.

"Бұндай марапатқа менің көңілім толмайды. Себебі, мен мұндай ықпалды болатындай тындырған ісім шамалы. Әрине, енді мен өзімнің мұсылман әрі білімді болғанымды, әрі өзімнің үнділік екенімді мақтан тұтамын", - деп ойымен бөліскен еді Шахрух хан.

Бүгінде Шахрух хан Гаури Чаббер атты үнді қызымен отау құрғандарына 24 жылдың жүзі болды. Қазір ол Арян, Абрам атты екі ұл, Сухана деген қыздарын тәрбиелеп отыр. Әйгілі актер көп уақытын отбасымен өткізіп, балаларына қалай дұға жасауды және намаз оқуды үйретеді екен.

Шахрух ханның айтуынша, әлемде исламның жағдайы қиындап барады. Оның ойынша, исламды жан-жақты таныстырмай-ақ, жөні түзу мұсылман болуға әбден болады.

"Мұсылман болу дегеніміз фанат, басбұзар радикал, жиһад жасауға бір табан жақын тұратын ашушаң адам болу дегенді білдірмейді. Жиһад дегеніміз өзіңнің әлсіз тұстарыңды түзеп, нәпсіңмен күресу. Осыны адамдар жақсылап ұғып алса екен деймін", - дейді Шахрух хан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/929896-undi-akteri-shakhrukh-khan-zhihad-turaly-ko/

pixel