Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов өмірден өтті

Опубликовано:

Белгілі қазақстандық жұлдызшы, ауа райын болжаушы Назарбек Қожамсейітов 70-тен асқан шағында дүниеден өтті.

Ауа райын ғаламшарлардың орналасуына қарай болжайтын астролог қазақ еліне 90 жылдардан жақсы таныс. Ерекше қасиетті тұлғаның айтқандарын жерлестерінен гөрі көрші ресейліктер жиі құлақ асатын.

Мәселен жылқы жылында жасаған болжамы бойынша ресейлік шаруалар егінді уақытында орып, қамбаның бүйірін қампайтыпты.

Артынша, Назарбек мырзаға Кемеров губернаторы Аман Төлеев алғысын да айтқан. Жұлдызшы көбінесе жаңа жылдардың халық  үшін қандай болатынын және ауа райы жайлы да сөз ететін. Айтқаны 100 пайызға келмесе де, дөп түскен тұстары да болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/930000-zhuldyzshy-nazarbek-qozhamseyitov-omir/

pixel