RU

Qazaq Air қарашаның басында Талдықорғанға рейстер ашпақ

Qazaq Air компаниясы биыл қараша айында «Талдықорған-Астана» және «Талдықорған-Алматы» бағыттары бойынша әуерейстерін ашады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Qazaq Air компаниясы басқарма төрағасының қызметін атқарушы Блэр Поллок мәлім етті.

«Біз қараша айының басында Алматы мен Талдықорған арасында және Талдықорған мен Астана қалаларында қатынайтын жаңа рейстерді ашатындығымызды жариялағымыз келеді. Бізге ол жаңалықты xабарлау өте қуанышты», - дейді ол.

Дәулетбек сонымен қатар Талдықорған әуежайы қазіргі заманғы әуе кемелерін қабылдауға толығымен дайын екенін де атап өтті.

«Талдықорған әуежайына аудитпен бірге біздің компания өкілдері де барды. Жергілікті басшылық қыруар жұмыстар атқарған. Ұшу және қону жолдары, перрон толығымен жаңартылған. Әуежайда барлық арнайы теxникалар ауыстырылды. Әуенавигациялық жабдықтар жаңадан сатып алыныпты. Талдықорған әуежайы қазіргі заманғы әуе кемелерін қабылдауға, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге толығымен дайын», - деп атап өтті Qazaq Air компаниясының коммерциялық директоры Адель Дәулетбек.

Айта кетейік, Qazaq Air компаниясы Алматы - Астана, Алматы - Павлодар, Алматы - Шымкент, Алматы - Қостанай, Шымкент - Павлодар, Шымкент - Ақтөбе, Ақтөбе - Қостанай, Ақтөбе - Атырау бағытында рейстер ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/930019-qazaq-air-taldyqorghan-astana-zhane-taldyqo.html