RU

ОҚО-да мәйітті көмбей, далаға тастап кеткен полицейлер қызметінен қуылды

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің екі қыз­мет­кері мәйітті көмбей, далаға тастағаны үшін жұмыстан қуылды.

Бұл туралы  Замана басылымы хабарлайды.

Екі полиция қызметкері белгісіз адамның мәйітін Темір­ландағы ау­да­наралық сот-сараптамалық орталығына алып барған. Мамандар  тексеріп, өлімнің себебін анықтағасын кері қайтарады.

Ал мәйітті алып жүргісі келмеген полицейлер жолда кездескен адамға 5 мың теңге беріп, мәйітті көміп тастауды бұйырған. Осыдан соң, екі полицей де басшыларына марқұмды жерледік деп баяндайды.

Ал далада кездескен адам олардан ақшаны алғанымен мәйітті көм­бей, жөніне кетіпті. Тексеру кезінде мойнына тағыл­ған белгілері арқылы оның оты­рарлық полицейлер алып кеткен мәйіт екені анықталған.

Осылайша, адам­гершілік арды аттап, мұсылмандық парызды таптаған екі полицей қызметтен қуылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/930373-oqo-da-mayitti-kombey-dalagha-tastap-ke.html