Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдын Айымбетов ғарышта Арал мен Каспий теңіздерін қалай тапқанын айтып берді

Опубликовано:

Қыркүйектің 2-сі мен 12-сі аралығында Халықаралық ғарыш стансасына ұшқан Айдын Айымбетов ғарышқа жасаған сапары туралы өзінің әсерлерімен бөлісті.

"Стансаға жеткенде адам ағзасы ғарышқа ұшу жағдайына толық дағдыланбайды. Негізгі фактор — бұл салмақсыздық пен қанның адам ағзасына қайта тарауы. Егер де байқаған болсаңыздар, алғашқы телесеанстарда барлық экипаж мүшелерінің— Волков, Могенсен және менің де басым футбол добы секілді болды. Қан дененің төменгі бөлігінен басқа шапты. Барлық жұмсақ тін ісікке шалдығып, дауысымыз да өзгерді. Өйткені дауыс желбезегі ісіп, бас сүйек ішіндегі қысым, көз қысымы көтерілді. Бұл жағдайда тәжірибе жасау қажет", - деді ол.

Содан соң, ғарышкер Арал мен Каспий теңізі туралы көргендерімен бөлісті.

"Ең қызығы -  Арал теңізі мен Каспий өңірлерін мониторинг жасау бойынша тәжірибе өткізу болды. Қажетті аудандарды  тауып алу керек болды. Ал Халықаралық ғарыш стансасы секундына 7,8 шақырымды құрайтын алғашқы ғарыш жылдамдығымен ұшты. Стансаның астындағы нүкте, аудан өте жылдам кетіп қалады. Арал теңізі көрінді, құбыр желісі мен мұнай кен орындарымызды табу қиынға соқты. "Қайда? Мен көріп тұрған жоқпын!", -деймін.  "Міне ғой. Болды кеш, өтіп кеттік", - дейді жігіттер. Тура сол аймаққа 92 минуттан соң ұшып келеміз.  Өйткені ХҒС 92 минутта Жерді толық айналып шығады. Оятқыш қойып, қайтадан Арал мен Каспий үстінен өтетін кездерді күтемін. Осылайша 3-4 мәрте қайталанды. Содан кейін өзім үйреніп, қажетті аудандарды түсіріп алдым", - дейді ғарышкер.

Айдын Айымбетов жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы да әңгілемеп берді.

"Жерде құрал-жабдықтардың белгілі бір салмағы бар. Оны бір жерге қоюға болады. Жерге қойсаң құрал-жабдық тұрады. Ол жақта алғаш рет құрал-жабдықты "кулон кристаллы" бойынша жинаған кезімде, жалғағышты, камераны, магниттің өзін, қуат беру блогын жинадым. Егер оны бекітіп қоймасаң, үнемі ауа алмасып тұрғандықтан оны тартып кетеді. Нұсқаулық пен радиограмманы оқып отырғаныңда олар ұшып кетеді", - дейді ол.

"Алғашқы тәуліктерде, әдетте, ғарышкерлер мен астронавттар ұйықтай алмайды. Өйткені, жанасу түйсіктері болмайды. Егер адамға ішімен, бір жағымен немесе арқасымен ұйықтау ыңғайлы болса, онда ол сол жағымен немесе арқасымен жатқанын түсініп, сезінеді. Жерде адам үстіне  көрпе жабатын болса, үстінен бір нәрсе басып тұрғандығын сезінеді. Ал салмақсыздық жағдайында белгілі бір қатты бетке дененің тиюі және үстіңнің жабылуы сезімі болмайды. Екіншіден: салмақсыздықта жастықты сезінбейсің. Бас екі иықтың ортасында тұрады, қиын. Сондықтан алғашқыда ғарышкер қатты шаршамаса, ұйықтау мүлде мүмкін емес", - деп аяқтады ол әңгімесін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/930653-aydyn-ayymbetov-gharyshta-aral-men-kasp/

pixel