RU

Табиғаттың тосын құбылысы Өскемен жұртын шошытты

Өскеменнің қақ ортасындағы көлшік бір мезетте қызыл түске боялған деп хабарлайды КТК арнасы.

Тұрғындардың айтуынша, көлшік екі күн бұрын қызара бастапты. Онсыз да тазалығымен ерекшеленбейтін су айдынынан қазір ел мүлдем аулақ жүруге тырысады. Өйткені өндіріс орны көп, экологиялық жағдайы нашар өңірдің халқы бұл суат улы болуы мүмкін дейді.

Жанында балабақша, мектеп пен тұрғынүйлер топтасқан көлшіктің шарап түстес суына мамандар сараптама жүргізіп жатыр.

"Талай жылдан бері осы маңайда тұрсам да, бұл көлшіктің мұндай түске енгенін бірінші мәрте көріп тұрмын. Біреу марганец тастап жіберді ме әлде басқа бір химиялық процесс болып жатыр ма, кім білсін. Әрине, әзірге аулақ жүруге тырысамыз", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Алексей Котернюк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/930988-tabighattynh-tosyn-qubylysy-oskemen-zhu.html