Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар асқазаны темірді де қорытып жіберетін құсты анықтады

Опубликовано:

Оңтүстік Корея ғалымдары әлемдегі ас қорыту жүйесі ең күшті тіршілік иесін анықтады. Ол - тазқара болып шықты, деп жазады planet-today.ru.

Тазқара (лат. Aegypius monachus) - өте ірі құс: денесінің ұзындығы 1 м, қос қанатының жалпы ұзындығы 2 м 20 см-дей, түсі қара қоңыр. Екі көзінің айналасы мен мойны жалаңаш. Тазқара көбінесе таулы жерлерде тіршілік етеді, өлексемен қоректенеді. Кейде тірі хайуандарға да шабуыл жасайды, малдың алдымен етін, одан кейін ішек-қарнын жеп, ең соңында сүйектерін бітеу жұтады. Тасбақаны да екі аяғымен ұстап тұрып, тұмсығымен үңгіп жейді. Бір жұмыртқа табады.

Мамандардың айтуынша, бұл құстың асқазаны ірі-ірі сүйектерді оңай қорытып жібереді. Ол ол ма, тіпті асқазанына түскен металдар да қорытылып кетеді екен.

Бұған қоса тазқараның иммундық жүйесі де өте күшті болып шықты. Ол оба ауруы жұққан, құтырған және басқа да өте қауіпті жұқпалы ауруларға шалдыққан жыртқыштардың етімен қоректене береді екен.

Зерттеу жобасының авторларының бірі - генетик Чон Пактың айтуынша, оның асқазанынның мұнша қуатты болуына асқазан сөлінің қышқылдылығы өте жоғары деңгейде болуы басты себеп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/930997-ghalymdar-asqazany-temirdi-de-qorytyp/

pixel