RU

Шымкентте дрифт жасаймын деп мақтанған жүргізуші апатқа ұшырады

Әлеуметтік желілерде Шымкентегі әуежай тұрағындағы дрифттің видеосы пайда болды. Жүргізуші өзінің көлік айдау шеберлігімен мақтанып деп қып-қызыл шығынға батқан.

BMW жүргізушісі дрифт жасамақ болып, апатқа ұшырайды. Ол жылдамдықпен бұрылмақ болғанда автобусқа барып соғылған.

Өз мүмкіндіктерін асыра бағалаған көлік иесі осылайша бірталай шығынға батты. Апаттан зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Видео Instagram желісіндегі «eap_kz» парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/931009-shymkent-auezhayy-manhyndaghy-driftinh.html