RU

АҚШ-та жүзге келген кейуана әлі күнге дейін 11 сағаттан жұмыс істейді

Нью-Йорк тұрғыны Филомена Ротундо бірнеше ай бұрын 100 жасқа толғанымен, қол қусырып үйде отырғысы жоқ.

Кейуана күні бүгінге дейін өзі қызмет жасап келе жатқан жұмыс орнын сақтап қалғысы келеді. Ол Буффало қаласындағы киім тазартқыштардың бірінде аптасына 6 күн бойы 11 сағаттан жұмыс істейді.

15 жасынан еңбекке араласқан әжей қазіргі сүйікті кәсібінде 40 жылдан бері келе жатыр. Қол-аяғы тың еңбекққор ана тұтынушылардан тапсырыс қабылдап, есеп жазып, еркін ақша санай алады.

«Ауыр кезеңде дүниеге келдім, сондықтан заманымыз ерте жастан еңбек етуге шыңдады. Сондықтан ұзақ өмір сүрудің де бір ғана құпиясы – еңбекті сүйе білгенің», - дейді ол.

"Мен күні бойы адамдармен қарым-қатынастамын. Қаншама тапсырыс қабылдаймын. Егер таңертең тұраған бойда мен бүгін жұмысқа баруым керек деп еске алсаңыз, мұның өзі пайдалы. Бұл жерде қанша уақытқа дейін болатынымды білмеймін, бірақ аяқтан әлім кеткенше жұмысымды жалғастыра бермекпін", - дейді 100 жастағы әже Филомена Ротундо.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/931349-aqsh-ta-zhuzge-kelgen-keyuana-ali-kunge-d.html