RU

Ақтөбе облысында шекарашылар бойжеткенді зорлап тастады

15 қазан күні Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығы маңында екі шекарашы бойжеткенді  аяусыз зорлап тастады.

Бұл туралы aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«2030 әскери бөлімінің» екі шекарашы әскери қызметкері түнгі уақытта 19 жастағы бойжеткенді қарсы алады.

Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында тұратын 24 және 26 жастағы жігіттер нәпсісін тыя алмай, Әйке ауылының тұрғынына бас салған.

Азғындар бойжеткенді түні бойы зорлап, тек таңғы бесте ғана босатқан.

Полицейлер зорлаушыларды ізін суытпай жатып құрықтады. Екі жігіт те өз кінәларын мойындап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/931422-aqtobe-oblysynda-shekarashylar-boyzhet.html