Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жар іздеген астаналық қарияға жас қыздар таласып жатыр

Опубликовано:

Бұл туралы NUR.KZ  басылымына пайғамбар жасынан асқан Алпамыс ата өзі хабарлады. Қария 10 жылдан бері жалғызсырап отырғаннан кейін, ғаламторда осы мәтіндегі жарнаманы жариялауды жөн көріпті.

«Жарымның о дүниелік болғанына 10 жыл болды. Астанада пәтерім бар. Жалғыз тұрам. Қасыма ғұмырымның соңына дейін серік болып, ұрпақ өрбітетін, жесір әйел іздедім. Алайда, 94-95 жылғы қыздар қоңырау шалып, мазамды алады. Мен жас қыздарға «кандидатураң келмейді, сен жассың, бала туып, маған қарайтын әйел керек» десем де қоймайды. Маған дүниеге қызығып елпеңдеген бойжеткен керек емес. Жанымды түсінетін, намаз оқитын әйел затымен отау құру арманым», - дейді Алпамыс ата.

Зейнет жасындағы ақсақал әлі күнге кәсіп етіп, спортпен шұғылданады. Бірінші жарынан екі қызы өз алдына отау құрып кеткен. Сондықтан да тағы да ұрпақ өрбітуге күш-қуатым жетеді деп отыр.

«30 шақырымға дейін жүгірем. Спортпен бала кезден айналыстым. Сурет салам, өлең шығарамын. Арақ, темекіге әуестігім жоқ. Сондықтан да өзіме жар болатын әйелдің де иманды болғанын қалаймын», -дейді ол.

Қария тіпті болашақ жарына қоятын талабын өлеңмен өрнектеп жазып, жарнама беруде.

Уәдеде тұратын,

Айтқанымды қылатын,

Әйел керек туатын.

63- ке келсем де, жетеді оған қуатым.

Мазалама «Қуатын».

Бұрыңғы әйелім әртіс болған,

Мамандығы әртіс болған.

Өлеңге жорғалым бар,

Аздап молдалығым бар.

Молдаға тәбетің болса,

Мәңгілік дәретің болса,

Күйеуің қайтыс болып,

Жағдайың қиын болса,

Хабарлас қажетім болса!

Божабан руынан басқасының бәрі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/931702-zhar-izdegen-astanalyq-qariyagha-zhas-qyz/

pixel