Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы бойжеткен "Атырау аруы-2015" атағын жеңіп алды (фото)

Опубликовано:

Аймақтық "Атырау аруы-2015" байқауында 17 жастағы Гаухар Қасаева жеңіске жетті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Байқаудың соңғы бағдарламасы бірнеше кезеңнен құралған. Олардың ішінде өзін-өзі таныстыру, ұлттық киімде өнер көрсету, Өнерпаз топтамасының сән көрсетілімі бар.

Байқауға қатысқан бойжеткендер бортсерік биін билеп, көрермендер алдында білімімен де бақ сынасты. Арулардың кезекті дайындығы кезінде әйгілі өнерпаздар сахнада ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, халықтың көңілін көтерді.

Арулар сайысында VERO KIDS агенттігінің бүлдіршін модельдері де сахнаға шықты. SUPER SONIC & Adema би ұжымы да өнерінен аянып қалмады.

Сайыс соңында қазылар алқасының шешімі жарияланып, жеңімпаз арудың есімі белгілі болды.

"Атырау аруы 2015" атағын 17 жастағы Гаухар Қасаева иеленіп, оған 200 мың теңге көлемінде жүлде қоры ұсынылды. Ал Атырау вице-аруы  Жанар Асқарова 100 мың теңге ұтып алса, атыраулық екінші вице-ару Сәулеш Ғалымова 50 мың теңгені иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/931878-atyrau-aruy-2015-ataghyn-17-zhastaghy-gaukhar-q/

pixel