RU

Ақмола облысында боранда сиырларын іздеуге шыққан әйел адасып кетті

Ақмола облысында боранда адасып кеткен 68 жастағы әйел іздестірілуде. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

"21 қазан күні сағат 15:00 шамасында Зеренді ауданы Қызылсая ауылының тұрғыны 1947 жылғы әйел ауыл маңынан сиырларын іздеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған", - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына Зеренді аудандық ТЖБ жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника, ІІБ 4 қызметкер мен 1 көлік, Күйбішев атындағы орман шаруашылығынан 8 адам және Қызылсая ауылының 60 жуық тұрғыны жұмылдырылды.

22 қазандағы іздеу жұмыстары нәтиже бермей, бүгін қайта жалғастырылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/932561-aqmola-oblysynda-boranda-adasyp-ketk.html