Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкендердегі ою-өрнек пен киіз үй суреттері жапсырылған сүт өнімдер беларусьтік болып шықты

Опубликовано:

Одақтас елдер Қазақстанда өз өнімдерін өткізу үшін, қулыққа көше бастаған. Дүкен сөрелеріндегі ою-өрнек пен киіз үй суреттері жапсырылған сүт өнімдер Беларусьтікі болып шықты.

Мұны Еуразиялық экономикалық комиссиядағылар анықтап отыр. Тиісті суреттерді де таратты деп хабарлайды Астана арнасы.

«Атамекен» және «Казахстан» деп ат қойып, айдар тағылған қалбырдағы қою сүт өнімдері Беларусьте шығарылады. Көпшілік мұны отандық өніммен шатыстырады. Әрі өз елімізде әзірленген экологиялық таза өнім деген түсінікпен сатып алатындар да көп. Бұдан былай жоғары комиссия мұндай көзбояушылққа қарсы шара қолданбақшы.

Алдымен тұтынышар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Көршілердің тауарын отандық өнімге балап сатып алатындар басым шықса, маркетингтік қулыққа көшкен кәсіпорындар әжептәуір айыппұл арқалайды.

Тіпті жылдық табысының 3 пайызынан қағылуы мүмкін. Және ребрендинг жасайды. Бүгінге дейін беларусьтер қаймақ, сүт және қант өнімдерін қазақы  бейнеде саудалап келсе, Ресей қазақша атаумен «Кеспе» кесіп жатқан көрінеді.

"Сыртынан қарағанда Қазақстан деп жазылып тұр. Суреттеріне қарасаң өзіміздің киіз үйлеріміз, тауларымыз. Бәрін қазақшалап жазып тұр. Халық өзіміздің кәсіпкерлер шығарып отыр дейді ғой. Бірақ ақша басқа мемлекетке кетеді", - дейді ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі және министрі Нұрлан Алдабергенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/932645-dukenderdegi-oyu-ornek-pen-kiiz-uy-sure/

pixel