RU

Қазақстандықтар балаларына Гектор, Афина, Айрген сынды адам есімдер қоюда

Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында Павлодар өңірі бойынша 8535 сәби дүниеге келді деп хабарлайды облыстың Статистика басқармасы.

Павлодарлықтар арасында ең көп таралған ұл бала есімі - Нұрасыл, Арлан, Артем және Кирилл. Ал қыздарға Әмина, Айлин, Дарья, Валерия сынды есімдер жиі қойылған.

Сонымен қатар, павлодарлықтар балаларына ерекше, елде жоқ есімдерді қоюды да әдетке айналдырып келеді. Мәселен, биыл туылған балалар арасында Гектор, Рамин, Мирсад, Айнзи Макаси, Афина, Хафса, Айша, Амирель, Айрген сынды адам есімдері кездеседі.

Жалпы, ағымдағы жылы өңірде 2 үшем және 93 егіз дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/932713-pavlodar-oblysynda-sabilerge-cirek-qo.html