RU

Nexia мен Gentra Қазақстандағы ең сұранысқа ие көліктердің ТОП ондығына енді

Өзбекстанда жасалған Nexia мен Gentra Қазақстандағы ең сұранысқа ие көліктердің ТОП ондығына кірді.

Бұл туралы 12news.uz-ге сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Автоконсалтинг.KZ» агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйегінде өзбектердің Nexia мен Gentra көліктері ТОП ондықтан Hyundai Elantra-ны ығыстырған.

Бір ай ішінде ғана аталмыш көлік маркаларын 465 тұрғын сатып алған. Nexia (238) 9-орында, ал Gentra (227) ондықты тұйықтаған.

Тізімде көш бастаған көлік маркалары: LADA Priora, Hyundai Accent және Volkswagen Polo Sedan.

2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда сұранысы жоғары болған ТОП-10 көлік маркасының тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

1    LADA Priora

2    Hyundai Accent

3    Volkswagen Polo Sedan

4    Kia Rio

5    Renault Duster

6    Renault Logan

7    LADA Largus

8    Renault Sandero

9    Daewoo Nexia

10    Daewoo Gentra

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/932803-nexia-men-gentra-qazaqstandaghy-enh-suranysqa-ie-k.html