RU

Владимир Путин КСРО-ның құлдырауын ғасыр қасіреті деп атады

Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» пікірсайыс клубының отырысында КСРО-ның құлдырауын жиырмасыншы ғасырдың қасіреті деп атағанын 7sunews.kz жариялады.

«КСРО-ның құлдырауы ғасыр қасіреті деген пікірімнен қайтпаймын. Бұл біріншіден, гуманитарлық қасірет», — деді Владимир Путин.

Ресей президентінің айтуына қарағанда, бұл орыс халқының бөлініске түсуіне әкеліп соқтырды.

«КСРО-ның ыдырауы салдарынан 25 миллион орыс шет елдерде қалып қойды. Дүниежүзінде орыс халқы ең көп бөлініске түскен халық атанды. Әрине бұл үлкен қасірет», — деді Владимир Путин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/933161-vladimir-putin-ksro-nynh-quldyrauyn-gha.html