RU

Қазақстандық жастардың өзіне қатыссыз мәселеге немқұрайлы қарайтыны анықталды

Зерттеушілер қазақстандық жастардың өзіне қатыссыз мәселеге немқұрайлы қарайтынын анықтады деп хабарлайды 7sunews.kz.

Фридрих Эберт атындағы қор «Орта Азия жастары» деп аталатын зерттеу жүргізіп, мәліметтерді жария етті.

Сонымен қазақстандық жастардың өмірдегі басты жоспары — білім алу, отбасын құру және мансапқа жету. Жоғары білім алу маңыздылығын атап өткендердің үлесі 74,5% ( 14-18 жас), 75,4% (19-24 жас) және 68% (25-29 жас).

Сондай-ақ зерттеу авторлары сұраққа жауап бергендердің тікелей өз бастарына қатысты емес нәрселерге немқұрайлы және енжарлықпен қарайтындығын айтқан.

Қоғамдық үрдістерге, волонтерлікке қатысуға, азаматтық белсенділік танытуға деген құлшыныс аз. Алайда аталмыш мәселеде аймақтық өзгешеліктер бар. Батыс аймақтағы жастардың азаматтық белсенділігі жоғары – Атырау (73,5%), Маңғыстау (62,9%), Қызылорда (43,2%).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/933194-qazaqstandyq-zhastardynh-ozine-qatyss.html