RU

Қазақ қыздарының елді шулатқан видеолары

Соңғы кездері қазақ қыздарының өздерін тым дөрекі ұстағаны туралы видеолар ғаламторда жиі жарияланатын болды.

Адами қасиеттер мен тәрбиеден жұрдай қыздардың әрекеті көпшіліктің жағасын ұстатқаны рас.

Осы орайда, NUR.KZ  ztb.kz сайтына сілтеме жасай отырып, Қазақстанда қыздардың қатысуымен болған атышулы оқиғалардың тізімін назарларыңызға ұсынады.

Мәскеуде сауда жасаған қазақ қызының әдепсіздігі

Жақында әлеуметтік желілерге Мәскеудегі дүкендердің бірінен сауда жасамақ болған қазақстандық жас жұбайлардың әдепсіздігі туралы видео жарияланды. Аталған видеодан қазақ тілін түсінбейтін сатушыларды қазақ қызының оңдырмай балағаттағанын байқаймыз.

Ұйқыдағы "арудың" айтқандары

Бұл видеоның Ақтау қаласында түсірілгені белгілі болды. Көшедегі орындықтардың бірінде ұйқыға кеткен ару өзін оятқандарды аяған жоқ.

 Жатақханадағы қазақ қыздарының төбелесі

Қазақ қыздары жұдырық жұмсап, бір-бірін аямай тепкіге салудан да тартынбайды. Жатақхана бөлмесіндегі өрімдей қыздардың төбелесі көпшілікті шошытқан болатын.

Тойда стриптиз билеген бойжеткен

Бұл видео жоғарыдағылар сияқты тым дөрекі көрінбеуі мүмкін. Алайда, тойда тым ерсі билеген қазақ қызының әрекетіне көпшілік бей-жай қараған жоқ.

Төбелестен алдына жан салмағандар

Тал түсте аяусыз жаға жыртысқан қыздардың бұл қылығы ғаламторда қызу талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/933621-qazaq-qyzdarynynh-eldi-shulatqan-video.html