RU

Құлағына желім құйған қытайлық есту қабілетінен айырыла жаздады

45 жастағы қытайлық Сонг Ван құлақ қуысының ауыруынан қатты зардап шеккен. Түн ортасында шыдай алмай оянған Ван шатасып, құлаққа арналған тамшылардың орнына "502 Glue" атты әсері күшті желімді құйып жіберген.

Қытайлық қателескенін келесі күні ғана біліп, дереу ауруханаға барды, деп хабарлады The Mirror.

Қытайлықты тексерген дәрігерлер желім тамақ бөліміне дейін жетіп, құлақтағы дабыл жарғағының бір бөлігіне зақым келтіргенін айтты.

Салдарынан ер адамның шамамен бір аптадай бір құлағы естімей қалған. Дәрігерлер тиісті емдік шараларын пайдаланып, оның құлағын әупірммен қалпына келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/933860-qulaghyna-zhelim-quyghan-qytaylyq-estu-q.html