RU

Голливуд жұлдыздарының әрлеушісі жұмбақ жағдайда үйінде қайтыс болды

Голливудтың атақты адамдарының бет-жүзін әрлеп, боятын танымал визажист Джейк Бейлидің мүрдесі 23 қазанда Лос-Анджелестегі өз үйінде табылды, деп жазады «Variety» журналы.

Болжам бойынша, Бейли өз үйінде иіс тиіп қаза тапқан. Ал, БАҚ-тар оны өзіне қол салған деп жазды. Ер адамның жасы 37-де болған. Оны бұл қадамға қандай жағдай итермелегені белгісіз.

Оның клиенттер тізімінде Кэтти Перри, Джулианна Мур, Наоми Уоттс, Кейт Мара, Оливия Уайлд және т.б. Голливуд жұлдыздары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/934006-gollivud-zhuldyzdarynynh-arleushisi-zhu.html