RU

Бүгін Қазақстанның солтүстігі мен батысында көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, жел күшейуі мүмкін, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметінен.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 /с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады.

Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, күндіз жекеленген аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей өңірлерінде тұман, күндіз көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/934046-bugin-qazaqstannynh-soltustigi-men-ba.html