RU

Заңгер мен қаржыгер болуды аңсайтын жастар тұрмыстық қызмет саласындағы жұмысты ар санайды

Еліміздің тұрмыстық қызмет көрсету саласының мамандары кейінгі буын арасында ізбасар жастардың жоғын айтып алаңдаушылық білдірді. 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан етікші бүгінгі жастың қол еңбегінен қашатынын айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

Қазақ эстрадасының бұлбұлы Роза Бағланованың президент қабылдауына арнайы аяқ киім тігіп, қала әкімі Әділбек Жақсыбековтің де етігін жөндеген шеберлер бүгінде Астанада еңбек етіп жүр.

Алайда кілең экономист, заңгер мен қаржыгер қаптаған қоғамның етікші деген қажетті кәсіпті ар санайтынына күйінеді.

"Қазір мал баққысы келетін адам да жоқ. Бірақ барлығымыз күнде ет жегіміз келеді. Қатардағы жұмысшы мамандықтар қоғамға қажет. Ол болмаса қалай? Өзің етік, шалбар, жейде киесің. Ал оның барлығын кім жасайды. Жұмысшылар", - дейді етікші Сергей Ставицкий.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/934058-zhastar-turmystyq-qyzmet-salasyndaghy.html