RU

Назарбаев Франция президентіне Жирондадағы көлік апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жиронда департаментінде болған автокөлік апатына байланысты Франция президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта көп адамның қайтыс болғаны және бірқатар азаматтардың ауыр жарақат алғаны суыт хабарды мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев көлік апаты салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/934249-nazarbaev-franciya-prezidentine-zhiro.html