RU

Отандық шоу-бизнестегі жасқа қарамайтын жұлдызды жұптар

Бүгінде отандық шоу-бизнесте жас айырмашылығына қарамай отбасын құру сәнге айналды. NUR.KZ қазақстандық жұлдыздардың ішіндегі жасқа қарамайтын махаббат иелерін назарларыңызға ұсынады.

Асанәлі Әшімов

Белгілі актер Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат өзінен 33 жас кіші болса да, жұбайлар тату-тәтті өмір сүруде. Олардың Асанәлі есімді ұлдары бар.

Мәдина Сәдуақасова

Әнші Мадина Сәдуақасованың күйеуі Олжас өзінен 7 жас кіші. Жас шамасы едәуір болса да, Мәдина әрдайым күйеуінің айтқанын екі еткізбейді екен. Әншінің сөзінше, Олжастың өмірден түйгені көп.

"Олжастың жасы менен кішкентай болғанымен, көргені көп. Кейде маған ақыл айтып отырады", - дейді әнші.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

Жұбы жарасқан жұлдыздардың ішінде Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы да ерекше орын алады. Жұбайынан едәуір кіші Қарақат Қыдырәлімен студент кезінде бас қосқан.

Рүстем Нұржігіт

Рүстем Нұржігіт әйелінен біршама кіші. Әнші жарының нақты кім, қанша жасқа өзінен үлкен екенін айтудан бас тартады.

Еркін Нұржанов

Ал 2-ші  рет үйленген Еркін Нұржанов әйелінен 14 жасқа үлкен екен көрінеді.

Болат Жолдасов

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов та өткен жылы өзінен 9 жас кіші 17 жасар қызды өзіне жар етті.

Ділнәз Ахмадиева

Әнші Ділназ Ахмадиева тұрмысқа шыққаннан кейін жарының кім екенін халықтың назарынан тыс ұстағанды жөн деп тапты. Тіпті той суреттерін де ешкімге жариялатпады. Бірақ, ел арасында Ділназдың күйеуі өзінен 6-7 жас кіші деген пікірлер тез мәлім болды.

Гүлнұр Оразымбетова

Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен мемлекеттік қызметкерге тұрмысқа шыққан. Депутат пен әртіс бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр.

“Ол кісі спортпен тұрақты айналысады. Кейде тіпті қимыл-қозғалысы менен ширақ”, – деген еді әнші өмірлік жары жайлы.

Ақбота Керімбекова

Ақбота Керімбекова да өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Бірақ біраз уақыттан соң қос ғашық ажырасып кетті.

Дәуіт Шайхисламов

Танымал әзілкеш Дәуіт Шайхисламовтың журналист әрі продюсер Дана Орманбаевамен отасқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Дәуіт өз жарынан 10 жасқа кіші. Олардың ортақ ұлы мен қызы бар.

Баян Нұрмышева

Әнші Баян Нұрмышеваның жары Ерлан Орынбасаров та жарынан әлдеқайда кіші. Бірақ Баянның продюсері жасы кіші болса да, продюсерлік қызметінде де, өмірде де басымдық танытады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/934660-otandyq-shou-biznestegi-zhasqa-qaramay.html