Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайрамдағы кесене шырақшысы ата-бабаларға жиі зиярат ететін шенеуніктер туралы айтты

Опубликовано:

Қазақстандық шенеуніктер еліміздегі киелі орындар мен ата-бабалардың кесенесіне жиі зиярат етіп отырады.

Бұл туралы oinet.kz хабарлайды.

Сайрамдағы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі әрі бірінші ұстазы  – Ибраһим атаның кесенесі XVII-XVIII ғасырларда салынған. Бұл кесене бүгінде мемлекеттің қорғауында. Осы кесененің шырақшысы, Қожа Ахмет Яссауидің тікелей ұрпағы – Қадырхан Артыққожаев төрт жылдан бері осында қызмет етеді.

Қадырхан мырзаның айтуынша, жыл санап зияратшылардың діни танымы артып келеді.

«Зияратшылардың басым көпшілігі зияратты дұрыс жасайды. Шамамен 10 пайыздайы – кесенеде шырақ жағып, атаның құлпытасын сүйіп, тілегін Ибраһим атаға айтып,  жалбарынып жатады. Біз мұндай зияратшыларға Ибраһим атаға жалбарыну Аллаға серік қосу екенін, ал Ұлы Жаратқанға серік қосу – кешірілмес күнә екенін түсіндіріп жатамыз», - дейді ол.

Шырақшының айтуынша, кесенеге келіп, ақыл айтатын жастар да көп.

«Кейде кесенемізге сақалы күзелмеген, балағы қысқартылған жас жігіттер келіп, зияратшыларға «ақыл» айтпақ болады. Сондайлардың бірі жуырда Алматыдан келген зияратшыларға «насихат» айта бастаған еді, жасы ұлық бір ақсақал әлгі жігіт пен видеоға түсіріп тұрған көмекшісін таяғымен жіберіп ұрды. «Менің жолға қанша қаражат жасағанымда сенің не ісің бар, мен сеннен саунаға қанша қаржы жұмсайсың деп сұрап отырған жоқпын ғой, мен ата-бабамның жолымен жүрмін, әулилерге құран оқуға келдім, «ширк-пирк» деп менің басымды қатырма» деді. Соңғы кезде мұндай «ширкомерлер» - қай нәрсенің ширк екенін, қай нәрсенің ширк емес екендігін өлшеп, біліп жүретіндер саны азайып келеді» - деді шырақшы.

Қадырхан ақсақалдың кесенеге келетін адамдардың қарасы тым көптігін алға тартты.

«Е, мұнда кімдер келмейді дейсіз. Байлар да, кедейлер де, жанына, дертіне дауа іздегендер, шаруасы кері кетіп, бірі екі болмай, үйі мен кәсібінен берекесі кеткендер – жалпы айтқанда Алланың көмегі мен рахымына мұқтаждың барлығы осында келеді», - деді ол.

Кесенеге табан тірейтіндердің арасында депутаттар мен шенділер де бар.

«Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов отбасымен әр 1,5-2 айда келіп тұратын. Бірде менің бөлмеме кіріп, шай да ішті. Ал жуырда облысымыздың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұлов та келіп, Ибраһим атаға  зиярат етіп кетті. Ол кісі менен «Қандай көмек керек?» деп сұрады. Мен Ибраһим ата кесенесіне су шығарып беруін сұрадым. Сөйтіп көкейді көптен бері мазалаған мәселе оң шешімін тауып өңір басшысы кесененің мұқтаждығына қажет суды  2 күнде шығарып берді, бұл жаңа әкімнің  зияратшыларымызға жақсы тартуы болды», - деп ризашылығын білдірді қария.

Билік өкілдерінің ұлы бабалар мен әулие-әмбиелерді тәу етуін Дінмұхаммед Қонаевтың руханиятта салған сара жолы. Түркістан қаласының кеңестік кезеңдегі басшылары мен имамдары Қонаевтың Түркістанға жылдар бойы жүйелі түрде келіп, сондағы әулиелерді тәу етіп тұрғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/934889-elimizde-ata-babalardynh-basyna-ziyara/

pixel