RU

Дәріс тыңдаудың орнына МС Сайлаубектің әнін орындап отырған бойжеткен көпшіліктің ашуын келтірді

Ақ халат киіп, тұрғындардың денсаулығына жауап беретін болашақ медицина қызметкерінің дәріс кезіндегі қылығы көпшіліктің ашуын келтірді.

"Біздің медиктер осылай сабақ оқиды. Осыдан кейін біздің медицина неге қауқарсыз деп сұрап көріңіз", - деп жазған видеоны өз Facebook парақшасына жүктеген Арзу Шамильевна есімді пайдаланушы.

Бейнежазбада студент қыз дәріс тыңдаудың орнына түсініксіз тілде рэп орындайтын МС Сайлаубектің әнін айтып әлек.

Студент дәрісті мұқият тыңдап, білімін шыңдау тұрғындардың денсаулығына жауапты болатын болашақ ақ халаттылар үшін маңызды шарт екенін түсініп жатпаған сыңайлы.

Видеоны көрген көпшілік мұндай жастар ертең дым білмей, диагноз қоя алмайтын күйде отырады деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/935198-daris-tynhdaudynh-ornyna-ms-saylaubekt.html