RU

Ақтау тұрғыны алабай тұқымды итін айфонға алмастырып алды

24 қазан күні "алабай тұқымды итімді сатамын немесе  "iPhone" телефонына алмастырамын" деген хабарландыру "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде пайда болды.

Бұл хабарландыруға желіні қолданушылар түрлі  теріс пікірлер қалдырған деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған rgmedia.kz.

Олардың арасында "қазір достық емес, "айфон"  бағаланады" деп жазғандар да бар болып шықты. Қызығы сол ақыры келісім жасалыпты.

Осылайша ақтаулық тұрғын төбетін сатып,  "iPhone 5" маркалы телефонына қол жеткізген. Алайда жеті қазынаның бірі болып табылатын иттің жаңа иесі туралы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/936568-aqtau-turghyny-alabay-tuqymdy-itin-ayf.html