RU

Ғалымдар дене жаттығулары мидың қартаю үдерісін бәсеңдететінін анықтады

Цукуба университетінің ғалымдары дене жаттығулары мидың қартаю үдерісін бәсеңдететінін анықтады деп хабарлайды 7sunews.kz.

Адам жас шағында тапсырма шешуді, сөз мағынасын және бұрын көрген дүниесінің не екенін түсінуді, тығыз-таяңдық уақытқа есіне сақтауды сол жақтағы ми қабығында сақтайды.

Ал қартайған кезде аталмыш дүниелерді есте сақтауға мидың оң жақ қабығы қатысады. Ми қабығы орындаушы қызметпен тығыз байланыста.

"Ол - есте сақтау, ой өрісі, сөйлеу және көру қабілеттілігі" деп жазады The Hindustan Times. Сонымен, жас ұлғайған сайын мидың функционалды ассиметриялы жартысының қызметі бәсеңдейді.

Мамандардың айтуынша, ми осылайша ағзаның қартаю үдерісін, яғни когнитивті қызметтің нашарлауын өзінше «есесін алып», орнын толтырмақ болады.

Ал адамның дене шынықтырып, белсенді өмір сүруі мидың қартаю үдерісіне ерекше әсер береді екен. Цукуба университетінің ғалымдары жасаған соңғы зерттеулерінде нейровизуализация әдісін қолданды.

Белгілі болғаны, денесі шыныққан егде жастағы адамның есеп шешу мен тапсырма орындауда миының қызметі өзге қарияларға қарағанда жақсы қызмет ететінін көрсетті.

Яғни зерттеу барысында, тапсырманы орындаған сәтте олардың миында жас кезінде қызмет атқаратын ми бөлігі қатысқаны дәлелденді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/936721-ghalymdar-dene-zhattyghulary-midynh-qart.html