RU

"Кешью" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды

"Кешью" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды. Бұл қуанышын әнші тыңдармандарына Instagram парақшасында жеткізді, деп хабарлайды NUR.KZ.

"Құрметтi менiң тыңдармандарым! Мен сiздермен өмiрiмнiң ең қуанышты сәтiмен бөлiскiм келедi! Ол әрине әрбiр қыз баланың армандағанындай өмiрге сәби әкелу, ана болу бақыты", - дейді әнші жазылушыларға.

Алайда, әнші тұла бойы тұңғышы Әмина атты қызы дүниеге келгенін жанкүйерлеріне айтуға асықпаған.

"Өздерiңiз бiлесiздер, қазақтың ырымымен балаға қырық күн толмай артық көзден, сөзден қорғағандықтан қуанышты хабарымды жеткiзуге асықпадым. Сiздер менi түсiнедi деген сенiмдемiн! Бiз сiздермен әрқашанда бiргемiз", - дейді Айдана сөз соңында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/936759-keshyu-tobynynh-eks-solisi-aydana-meden.html