RU

Ғалымдар ірімшіктің құрамында есірткілік заттар барын анықтады

АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдары тосын мәлімдеме жасады. Зерттеушілердің айтуынша, ірімшікті жеген адамның оған бойы үйреніп қалып, тәуелділік пайда болады екен, деп жазады Times of India.

Мұны дәлелдеу үшін олар тәжірибе жүргізді. Сынақ барысында ірімшіктегі казеин ақуызының «есірткілік» қасиеті болатыны анықталды.

Осы ретте Нил Барнард былай деді: «Казеин ас қорыту кезінде ыдырап, казоморфиндер деп аталатын есірткілік қасиеті бар заттар жиынтығын бөледі».

Казоморфин миға кокаин немесе героинға ұқсас әсер етеді екен. Сүттің өзінде казеин мөлшері аз. Ал 1 кг ірімшікті өндіру үшін 10 литр сүт керек болғандықтан, онда адамды есіртетін заттың шоғырланатынына күмән жоқ, деп жазады MedDaily.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/937391-ghalymdar-irimshiktinh-quramynda-esirt.html