RU

Алдағы уақытта Таяу Шығыс елдерінде тұрғындар қалмауы мүмкін

Массачусетс технологиялық институты мен Лос-Анджелестегі Лойола университетінің климатологтары парниктік газдардың бөліну деңгейі төмендемесе, Парсы шығанағындағы елдер адамдар мекендей алмайтын аймаққа айналуы мүмкін екенін анықтады.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұған ылғалдылық пен жоғары температура себеп болмақ.

Алдағы 100 жылда Таяу Шығыс елдеріндегі «ылғалды термометр температурасының» өзгеруін болжауға тырысқан ғалымдар осындай тоқтамға келді.

Әдетте адам денесінің температурасы терлеу арқылы қалыпқа келеді. Егер «ылғалды термометр температурасы» 35 градустан артса, тер шықпай, адам денесі қатты қызып, күн өтеді тіпті көз жұмуы да мүмкін.

Ғалымдардың жаңа есептеулері көрсеткендей, парниктік газдың бөліну дәрежесі өскен жағдайда Парсы шығанағындағы елдер осы 2070-ші жылдарға қарай жоғары қауіптілік деңгейіне жетеді.

Бұл жағдайда Катар астанасы Доха, БАӘ-нің  Дубай және Әбу-Даби қалалары, Дхахран қаласы, ирандық Бандар Аббас және көптеген өзге де елді мекендер өмір сүруге жарамсыз болып қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/937691-aldaghy-uaqytta-tayau-shyghys-elderinde-t.html