RU

Прокурор Астанада әйелін өртеген Сәдуовті 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлеккеттік айыптау соттан Астанада әйеліне бензин құйып, өртеп жіберген Қанат Сәдуовті 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.

42 жасар Сәдуовке қатысты процесс Астанада судья Ербол Рахымбековтің төрағалығымен мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта өтіп жатыр.

"Сотқа Қанат Сәдуовті Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімі 5 тармағымен (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру)  айыпты деп тануды және қатаң режимдегі түзету колониясында 18 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынамын", — деді прокурор Ұлан Әбдірайымов сәрсенбіде тараптардың пікір алмасуында.

Естеріңізге сала кетейік, қылмысты 26 маусым күні № 25 орта мектеп жанында 43 жастағы Қанат Сәдуов жасаған.

Ер адам бұл мектепте жұмыс істеген бұрынғы зайыбы Светлана Сәдуованың үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Беті, мойыны, кеудесі мен арқасын термиялық күйік шалған әйел 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік шогымен ауруханаға жеткізілді.

Кейін мұғалім алған жарақаттарынан көз жұмды. Ер адамға халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Сәдуовты полицейлер қыркүйекте ұстады. Ол туыстарында жекеменшік үйде жерқоймада жасырынып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/937758-prokuror-astanada-ayelin-ortegen-sad.html