RU

CҚО-да үш жеткіншек ерлі-зайыпты зейнеткерлерді ақша үшін өлтіріп тастады

Солтүстік Қазақстан облысында үш жеткіншек ерлі-зайыпты зейнеткерлерді ақша үшін өлтіріп кетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

СҚО-ның Мамлютка қаласында 1928 және 1933 жылғы ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды.

Мамлютка ауданының кезекші ішкі істер бөліміне өз көршілерінің хабарсыз кеткенін айтып, тұрғындардың бірі хабарласқан. Үй есігі ашық болғанымен, қожайындары еш жерден табылмаған. Айтылған мекенжай бойынша келген жедел тергеу тобы тінтуір иттердің көмегімен ерлі-зайыптының мәйіттерін қаңыраған құдықтан тапты.

Қылмысқа күдіктілер де құрықталды. Олар Мамлютка қаласының 1998 және 2000 жылғы үш тұрғыны болып шықты. Жеткіншектер өз кінәларын мойындап отыр.

Олар бастапқыда түрлі-түсті металл ұрлау үшін зейнеткерлердің үйіне баса көктеп кірген. Ерлі-зайыптыны әбден соққыға жығып, қинап өлтірген. Кейін үйідегі 120 мың теңгені ұрлап, құрбандарының денесін қаңыраған зауыттың маңындағы құдыққа тастап кеткен.

Қазіргі уақытта үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалды. Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Кінәсі дәлелденген жағдайда 15-20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/937962-cqo-da-ush-zhetkinshek-erli-zayypty-zeynet.html