RU

Үндістан құны 15 доллардан аспайтын әлемдегі ең арзан смартфонды шығармақ

Канаданың DataWind компаниясы мен үндістандық Reliance Communications компаниясы бірігіп ағымдағы жылдың соңына дейін әлемдегі ең арзан смартфонды шығармақ. Оның бағасы – 15 доллар (999 рупий).

Бұл туралы DataWind компаниясының директоры Сунит Сингх Тули Economic Times газетіне берген сұхбатында айтты деп жазады ТАСС.

«Біздің мақсатымыз - кем дегенде 1 мың рупийден арзан смартфон шығару болды. Ол Linux операциялық жүйесінде жұмыс істейді», - деді ол.

Сондай-ақ, Тули сатып алушыларға бір жыл бойына тегін интернет берілетін тарифтік жоспар қосатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2011 жылы DataWind компаниясы әлемдегі ең арзан Aakash планшет компьютерін шығарған болатын. Оның бағасы қазіргі курспен 35 доллар тұрды. Бұл компьютер Үндістан үкіметінің қаражаты есебінен студенттерге екі есе арзанға сатылады деп жоспарланды. Алайда, көп уақыт өтпей, бұл өнімдерді қолданысқа енгізуден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/938369-alemde-enh-arzan-smartfon-undistanda-sh.html