RU
Кулагин калачиліктерге қатты сөйлеуінің себебін түсіндірді

Кулагин калачиліктерге қатты сөйлеуінің себебін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Кулагин калачиліктерге қатты сөйлеуінің себебін түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы. Әкімнің айтуынша, жұмбақ дерт дендеген ауылдан «көшпейміз» деп отырғандардың Калачиде кәсібі бар екен. Сол бизнестерінің тоқтап қалуынан қорыққандар халықты қоныс аудармауға үгіттеп, аймақ басшысына қарсы қойған көрінеді.

"Калачида 4-5 адамның цехі мен бірнеше дүкені бар. Ұйқы басқан ауылдан көшпеу керек деп жұртты дүрліктіріп жүрген солар. Ал, аурудың қайталанбайтынына кім кепіл? Калачиліктерге деп бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді. Есіл мен Державинкадан жаңа баспана салдық. Сонда осынша еңбектің, қаржының желге ұшқаны ма?", - деп қапаланады аймақ басшысы.

Ақмола облысы әкімінің кабинетіне арыз айтып барған жұртқа қайтарған кешегі жауабы көпшіліктің жағасын ұстатқан болатын. Дәл осы кездесуде Сергей Кулагин «Калачиден көшпейміз» деп келгендерге ашуланып, жекіп тастаған еді.

Енді бүгін аймақ басшысы елді дүрліктіріп жүргендер бизнесінен айырылмау үшін халықты арандатып отыр дейді. Ал, 4 жылдан бері дерт дендеген ауылдағы сырқаттың себебін әлі ешкім анықтай алмай келеді. Отандық, шетелдік ғалымдар мұндағы топырақ, ауа, судан сан сынама алса да нәтиже жоқ. Қазір ауру аздап басылғандай. Сондықтан тұрғындар жаңадан салынған баспанаға көшкісі келмей қалыпты.

Сіздің реакцияңыз
22
5
0
3
0
8
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel