RU

Астанада тағы да әйелдерше киінген еркектер ел назарына ілікті

Астанада тағы да әйелдерше киінген жігіттер елді дүрліктірді. Жақында жүктелген видеода "қызтеке жігіттер" өз кейпінен еш ұялмайтын сыңайлы.

Ескертпе: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі.

Бұл жайтты видеоға түсірген куәгерлер көшеде тұрған бойжеткендердің шын мәнісінде "еркектер" екендігін айтып жатқаны анық естіледі.

Олардың бірін сөзге тартпақ болғанда, саусағын шошайтқан азамат, сөйлесуге құлқы жоқ екенін байқатады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада нәзік жандылардан қалыспай «сәнденіп киінген» жігіт ғаламторда жұлдызға айналған болатын.

Видеоны көргендердің дені осындай оғаш жігіттердің Астанада қаптап бара жатқанына назар аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/938755-astanada-taghy-da-ayeldershe-kiingen-er.html