RU

Елімізде майшаммен боялған жалған қызыл алмалар сатылып жатыр (видео)

Әлеуметтік желілерде майшаммен боялған жалған қызыл алмалардан сақ болуға шақырған тұрғынның видеосы тарап кетті.

Видеода кейуана алманы қолына алып, оның сыртындағы майшам майын пышақпен қырып тұрып, назарға салды. Оның айтуынша, алмаларды қызыл етіп көрсету үшін майшамның майымен әдейі бояған.

Тұрғын боялған алмалар адамның денсаулығына зиян екенін және қызыл алма сатып алғанда абай болу керектігін алға тартты.

Видеоны көргендер мұндай алмаларға зиян болғандықтан, тіпті құрт та түспейтінін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/938941-elimizde-mayshammen-boyalghan-zhalghan-qy.html